Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» экологиялық сағаты өтті.
Шара басында табиғат жайлы, қызыл кітап және оның ішіне кіретін ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар жайлы қысқаша ақпарат берілді. Ата-бабамыз ежелден құстарды қадір тұтқан, соның ішінде – қарлығашты. Осы орайда Төле би мен қарлығаш туралы оқиға әңгімеленді. Сонымен қатар құстарға қарап ауа райын болжау туралы қызықты мәліметтер айтылды.
Балалар өздерінің табиғатқа қатысты ізгі тілектерін жазды. Экологиялық сағаттың келесі бөлімінде табиғат туралы жұмбақтар мен ребустар жасырылған болатын.
Оқырман тапқырлық танытып, жұмбақтардың шешімін бірден тауып алып, өз шығармашылықтарына ерік беріп, табиғаттың әр бөліктерін қалай жақсы көретіндерін бейнелеп көрсетті.
Шара соңы Фариза Оңғарсынованың сөзімен аяқталып, балаларға табиғатты аялау, оған барынша құрметпен қарау тапсырылды.
Назым Айқын
Шыңғырлау ауданы