23.08.2026, 18:52
Оқылды: 5

Шыңғырлау ауданы: 80 жастағы ардақты ана Құрылтай сайлауында дауыс берді

Елімізде өткен Құрылтай сайлауы күні Шыңғырлау ауданы Ардақ ауылының тұрғыны, 80 жастағы Азина Жауымбаева №411 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 20.50.47

Ауылдың әлеуметтік-экономикалық саласында ұзақ жыл бойы абыройлы қызмет атқарған ардақты ана үшін бұл маңызды саяси науқанға қатысу – үлкен мәртебе.

Саналы ғұмырын елге қызмет етуге арнаған Азина Жауымбаева сайлаудың мән-маңызына ерекше тоқталды.

– Мен үшін сайлауға қатысу үлкен мәртебе. Елдің ертеңі әрқайсымызға байланысты ғой. Өз таңдауымды жасап, азаматтық міндетімді орындағаныма қуаныштымын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, – дейді ақ жаулықты ана.

Сондай-ақ қария балаларының да өзге өңірлердегі сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп жатқанын телефон арқылы хабарласып жатқанын айтып, аналық қуанышымен бөлісті. Бұл оқиға ұрпақ сабақтастығының шынайы көрінісіне айналды.

80 жастағы ананың сайлауға келіп өз таңдауын жасауы –  жас буынға үлкен өнеге. Ана таңдауы – елге деген ақ ниет, ал ұрпақ таңдауы – болашаққа деген сенім.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале