27.09.2023, 17:45
Оқылды: 6

Шыңғырлау ауданы: 9317 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Бүгін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандық филиалдың активімен кездесті.

аманат2

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси қоғамдық тірегі ретінде «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауы талқыланды.

Сонымен қатар отырыстың күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» аудандық партия комиссиясының атқарған жұмысы және аудандық партия филиалының 8 ай бойы атқарған жұмысы талқыланды.

аманат4

 Комиссияның атқарған жұмысы бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Төлегенов сөз сөйледі. Баршамызға белгілі Мемлекет басшысы 2022-2023 жылдары мемлекетке пайдаланылмайтын 5 миллион гектар жер учаскесін қайтаруды тапсырған болатын. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының мәліметіне сәйкес, былтыр 22 мың гектар, ал биылғы жылдың 8 айында 9317 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Отырыста «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалары жөнінде де сөз болды.

Азамат Сафималиев аудандық партиялық филлиалының 9 айда атқарған жұмысына және жобалардың жұмыс нәтижесіне, партиялық жобалардың жүзеге асырылуына оң бағасын берді.

аманат6

Жиыннан соң А.Сафималиев пен аудан әкімі М.Өмірәлиев «Мобильді қабылдау» жобасы аясында аудан тұрғындарын қабылдап, ауданда көшелердегі жолға жабынды төсеу, «Ауыл аманаты» партиялық жобасы шеңберінде жеңілдетілген несие алып, кәсібін ақшан тұрғындармен кездесті.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале