Шыңғырлау ауданы әкімі іссапармен Ащысай ауылында болды. Сапар барысында алдымен ауылдағы әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізіп, алдағы уақытта өтетін ауылдық округ әкімі сайлауы туралы ақпарат берді.

Жиынға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Қалиев қатысып, Ащысай ауылдық округі әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлау өткізу тәртібі жөнінде түсіндірме жасады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Сапар соңында аудан әкімі ауылдың бірқатар ақсақалдарының шаңырағына арнайы барып, 14 наурыз – Көрісу күніне орай құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Нұрғали Төлегенов,
Шыңғырлау ауданы