3.03.2024, 12:00
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданы әкімі: "Маңызды шараға бір кісідей жұмылу керек"

Бүгін Шыңғырлау ауданы бойынша Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер сайлауы өтіп жатқан №419 сайлау учаскесінде аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев те дауыс берді.

InShot_20240303_110700447

- Жалпы, сайлау кезінде осынау маңызды шараға бір кісідей жұмылып, ұйымшылдықпен дауыс беру — қоғамдағы азаматтық көзқарастар мен сайлау мәдениетінің бұқара арасындағы деңгейінің көрсеткіші десек қателеспейміз. Тұрғындардың қоғам дамуына бей-жай қарамайтындығының бір белгісі саналатын маңызды тұста аудан тұрғындарын сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауы маңызды, дейді аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы.

InShot_20240303_110802521

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале