23.08.2026, 18:40
Оқылды: 5

Шыңғырлау ауданы: «Қаладан ауылға» бағдарламасымен келген жас отбасы Құрылтай сайлауына қатысты

Елімізде өткен Құрылтай депутаттарын сайлау күні Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылына «Қаладан ауылға» бағдарламасымен қоныс аударған жас отбасы Серікбай Белес пен Тұнық Күшекбаева №420 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауларын жасаған болатын.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 20.43.20

Қаладан ауылға бет бұрып, А. Тихоненко атындағы жалпы орта мектепке қызметке орналасқан жас мамандар өз білімдері мен тәжірибелерін ауыл балаларына арнауда. Атап айтқанда, Серікбай Белес математика пәнінен, ал Тұнық Күшекбаева биология пәнінен сабақ беріп, өңірдегі білім саласының дамуына үлес қосып келеді.

Бүгінгі маңызды саяси науқанда дауыс берген жас отбасы ел өміріне бейжай қарамайтындарын көрсетті.

– Біз үшін ауылға келіп, осында еңбек ету үлкен жауапкершілік әрі жақсы мүмкіндік. Бүгін сайлауға қатысып, ел болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық, – дейді жас мамандар.

Ауылдың тірегіне айналған жас мамандардың бұл қадамы туған елінің ертеңіне деген зор сенімін айшықтады.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале