4.07.2025, 16:15
Оқылды: 264

Шыңғырлау ауданы: «Көкжайлау» көшесіне тарту

Шыңғырлау ауданы орталығындағы Көкжайлау көшесі қашан көрсеңде тазалығымен ерекшеленеді. Бұл көше тұрғындарының көктем шыққалы ұйымшылдық танытып бірнеше реет өткізген сенбіліктің нәтижесі екені айқын.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.35.16

Тазалықпен қатар көгалдандыруға да мән берген тұрғындар «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген тәмсілді ұстанып, ағымдағы жылы балалар ойын алаңының айналасына 30-ға жуық көктерек еккен болатын. Жапырақ жайған көшеттер ертеңгі күні жайқалған бәйтерекке айналып, жанға сая болмақ.

Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен қоса Көкжайлау көшесінің тұрғындары өздері қаржы жинап, балалар ойын алаңының жанынан алтыбақан орнатты.

«Жердегі бір бала қуанса, көктегі мың періште шаттанады» демекші  балаларды қуанышқа кенелткен алтыбақанды орнатуда   осы  көшенің тұрғындары Ерболат Бекмұхамбетов, Жанболат Базарғалив, Бақытжан Шалабаев, Максим Амангельдин, Булат Алмухамбетов, әрлеу жұмыстарын жүргізген Ақмоншақ Бекмұхамбетова, «Марычка» этно мәдени орталығының төрайымы Надежда Алиева, зейнеткер ұстаз Лидия Львова, Жібек Шалабаева т.б, еңбегін айрықша айтуға болады.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.35.36

Ауылымыздың абаттануына, көгалдануына, санитарлық тазалығына өз үлестерін қосумен қатар балаларға қуаныш сыйлаған Көкжайлау көшесінің тұрғындарына шынайы алғысын білдірген аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сертификат табыстап, шөп шабу (триммер) құралын  сыйға тартты.

Тұрғындар атынан сөз алған  Надежда Сергеевна әрдайым жақсы бастамаларды қолдап жүрер  аудан, округ басшыларына алғысын білдіре отырып, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына атсалысу челленджін М.Жуков көшесінің тұрғындарына жолдады.

WhatsApp Image 2025-07-04 at 15.34.58

Шарада «Дән» мәдениет үйінің әдіскері Ләззат Касимова, мәдениет саласының ардагері, зейнеткер Амангелді Сұлтанғалиев әннен шашу шашты.

 

Бақыт Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале