29.01.2025, 16:15
Оқылды: 104

Шыңғырлау ауданы: Қыстақта жағдай қалыпты

Биылғы қыс аса бір қытымыр мінезін көрсетпей шаруа адамына ыңғайлы болып тұр. Десек те табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болу керектігін малсақ жан жақсы біледі. Шыңғырлау ауданы бойынша 8 ауылдық округтегі 46 мал қыстағы азық-түлік, жанар-жағармай, техника, отын-су қорларымен және мал азығымен, байланыс желісімен толық қамтылған.

Изображение WhatsApp 2025-01-27 в 11.21.57_16f15c1c

Ауданның барлық ауылдық округтерімен мал қыстақтарына жол қатынасы қалыпты.

Бүгінгі таңда 53 939 ірі қара, 45 949 қой мен ешкі, 12 246 жылқы, 76 түйе қыстақта тұр. Барлық мал басына 136 056 тонна жем-шөп қоры нақты дайындалған. Қыстаққа осы күнге дейін 49 910 тонна мал азығы жұмсалды, 86 146 тонна қорла бар, бұл қалған мал азығы қыстату науқанына толығымен жетеді деп сенеміз.

Шаруа құрылымдары мен жергілікті халық жемді ауданның жеке кәсіпкерлерінен өз қаражаттарына сатып алуда. Қазіргі таңда аудандағы  «Шыңғырлау АҚП» ЖШС-де жемнің орташа бағасы: бидай – килосына 95 теңгеден, қара бидай – 65, арпа – 75, тары – 70, жем қалдықтары  (бидай,тары, мақсары) – 45 теңгеден босатылуда.

Елдос Оразғалиев, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале