23.08.2026, 12:35
Оқылды: 15

Шыңғырлау ауданы: Полиция қызметкері өз таңдауын жасады

Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Серік Бораншеев Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, сайлау учаскесінде өз азаматтық таңдауын жасады.

image-23-08-26-12-07 (1)

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күнделікті жауапты қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері үшін елдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызы зор. Сайлау күні де ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерімен қатар, өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

Серік Бораншеев 419 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасай отырып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға азамат ретінде белсенді қатысуының үлгісін көрсетті.

"Сайлау – әр азаматқа өз көзқарасын білдіріп, ел болашағына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету – біздің күнделікті міндетіміз болса, азамат ретінде ел өміріндегі маңызды науқанға қатысу да жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділігін танытқаны маңызды", – деді полиция майоры Серік Бораншеев.

Құрылтай депутаттарының сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды шаралардың бірі. Оған қатысу арқылы әр азамат өзінің азаматтық ұстанымын білдіреді.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындары да сайлау учаскелеріне келіп, белсенділік танытуда. Әр азаматтың өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

Азаматтық жауапкершілік пен ел тыныштығы ортақ құндылық.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале