19.03.2024, 23:00
Оқылды: 10

Шыңғырлау ауданы: «Шапағат» еріктілерінің Жаңару күніндегі шаралары

Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару күні. Осы күн барша азаматты ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыруға үндейді. Жаңару сөзбе-сөз мағынада да, қоғамдық-саяси тұрғыда да «өмірдің жаңаруын» бейнелейді, бұл күні әр өңірде жаппай ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады.

430685973_1571838953609805_1461249421061741934_n

Кейде көзге елеусіз көрінетін жақсы істің қадірі ұлы істерден де асып жатады. Ағаш отырғызу да осы іспетті, келешек дүние үшін жасалар игі амалдың қатарында. Табиғат та өздігінен жаңарып, түлей алмайды, яғни, жалғыз жаңара алмайды. Сондықтан жаңару күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Көппен көрер ұлы тойдың бір кейпі осындай болса керек. Бұрынғылардың наурызда ұлан-асыр той етіп, жұрттың бәрін шаттыққа бөлейтіні бекер емес, ел тек ауызбіршілікпен, ынтымақпен ғана көктей алатынын жете ұғынғаннан болған. Демек, бұл күн ел өмірінде және әрбір ел азаматының тағдырында жақсылыққа толы жаңа кезеңнің басталуына ұйытқы болуы тиіс. Осы орайда Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің «Шапағат» еркітілер тобының мүшелері мектеп ауласындағы көшеттерді, мектеп ауласын қардан тазалау жұмыстарымен айналысты.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале