1.11.2023, 17:45
Оқылды: 6

Шыңғырлау ауданына іс-сапармен келді

Бүгін Шыңғырлау ауданында БҚО Әділет басқармасының басшысы Ә.Тасыбаева іс-сапармен болды.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 15.54.08

 Сапар барысында Ә. Тасыбаева аудан активімен жүздесіп, әділет органдарының облыс бойынша жұмыс барысымен таныстырып, саладағы соңғы жаңалықтар мен өзгерістер туралы баяндады.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 15.54.08 (1)

Бүгінгі Әділет органдарының қызметі мемлекеттік реттеудің негізгі бес бағытымен жұмыстанады. Мемлекеттің қызметін құқықтық қаматамасыз ету, азаматтық хал актілерін , жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды ұйымдастыру мен басқаруды мемлекеттік тіркеу саласындағы бақылауды жүзеге асыру, зияткерлік меншік құқығы саласындағы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, заңды мүдделерін қорғау, адвокаттардың, заң кеңесшілерінің, нотариустар және сот орындаушыларының қызметіне мониторинг және бақылауды жүргізу, атқарушылық құжаттардың орындалуын, оның ішінде алименттерді, жалақыны, мемлекет кірістерін өндіруді, сот өкімдерінің орындалуын қаматамасыз ету осы саланың негізгі міндеттері.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 15.56.57

Осы орайда айта келе Ә.Тасыбаева облыста жыл бойына атқарылған жұмыстар, анықталған кемшіліктер мен оларды жою шаралары және жаңа енгізіліп жатырған жаңалықтар туралы да айтып өтті.

WhatsApp Image 2023-11-01 at 15.56.57 (1)

Жиыннан соң Ә.Тасыбаева «AMANAT» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізді.

Сапар барысында лауазымды қонақтар ауданымыздағы колледж ұжымы және студенттерімен, сондай-ақ аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

 

 

Қ.Асуұлы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале