23.08.2026, 7:45
Оқылды: 44

Шыңғырлау ауданында 19 сайлау учаскесі жұмыс істеуде

Шыңғырлау ауданында да сайлау науқаны ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағында барлығы 19 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Оның алтауы аудан орталығы – Шыңғырлау ауылында орналасқан. Дауыс беру басталар алдында сайлау учаскелерінде тиісті рәсімдер толық орындалды. Дауыс беру жәшіктері мөрленіп, сайлаушылардың өз таңдауын еркін жасауына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Таңғы сағат 07:00-ден бастап барлық сайлау учаскелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, ел үшін маңызды саяси науқан ресми түрде басталды.

image-23-08-26-07-47 (1)

Сайлау учаскелеріне таңертеңнен бастап аудан тұрғындары келе бастады. Олардың қатарында алғаш рет дауыс беріп отырған жастар да, елдің талай саяси науқанына куә болған аға буын өкілдері де бар. Әрқайсысы Конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасауға ниетті.

Сайлау – азаматтың ел өміріне араласуының маңызды тетіктерінің бірі. Дауыс беру арқылы әр азамат өзі қолдайтын кандидаттарға таңдау жасап қана қоймай, қоғамның алдағы даму бағытына қатысты өз пікірін білдіреді. Сондықтан бүгінгі күн әрбір тұрғын үшін жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті талап ететін ерекше күн.

image-23-08-26-07-47 (2)

Шыңғырлау ауданында сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасалған. Сайлау учаскелерінде қажетті құрал-жабдықтар дайындалып, сайлаушыларды қабылдау жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылған. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, тұрғындарға қажетті ақпараттарды түсіндіруде. Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Қазіргі таңда елімізде жүзеге асып жатқан өзгерістер мен жаңарулар халықтың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Осы ретте әрбір азаматтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

 

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале