21.04.2023, 12:00
Оқылды: 49

Шыңғырлау ауданында айт мейрамы тойланды

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті әрі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы басталды. Осы орайда аудандық мешітте таңмен айт намазы оқылды. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев мешітке келген жамағатты әлемнің барлық мұсылманы үшін ұлық мейрам – Ораза айтпен құттықтап, әр шаңыраққа, әр адамға құт-береке әкеліп, ынтымағы жарасқан еліміздің дәулеті мен әлеуеті арта түссін деген тілегін жеткізді.

шыңғ

«Ораза – мұсылманның қасиетті бес парызының бірі.  Ал, Алланың разылығы үшін бір ай бойы ауыз бекітіп, бес парыздың бірін орындаған жандарға бұл мереке оразаның қорытындысы іспетті, сондықтан бір ай бойы тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын. Оразадан оразаға аман-есен жетуге жазсын» деді аудан әкімінің орынбасары. Ауданның бас имамы Әділхан Наурызбай да жамағатты мерекемен құттықтап, мұсылман қауымының, барша адамзаттың жүрегіне қуаныш сыйлауға үндейтін мерекенің мән мағынасына тоқталып, айт намазын оқыды.

шың1

Айт намазынан соң мешіт жамағаты аудандық спорт клубының ұйымдастыруымен өткен ұлттық спорт ойындарына қатысып, күштері мен бақтарын сынады. Нәтижесінде жеңіске жеткен жандар алғысхаттармен марапатталды.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале