18.05.2023, 18:08
Оқылды: 52

Шыңғырлау ауданында есептік кездесулер жалғасып жатыр

Бүгін Шыңғырлау ауданында желілік кестеге сәйкес Ақтау және Ардақ ауылдық округтерінде есептік кездесулер жалғасып, оған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қатысты.

WhatsApp Image 2023-05-18 at 12.31.59

Аталған округ әкімдері өткен жылдың және үстіміздегі жылдың І тоқсан еншісінде қалған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, алға қойған міндеттерімен бөлісті.

Ақтау ауылдық округінен басталған бүгінгі есептік кездесуде округ әкімі Руслан Тасименов 2022 жылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, өткен жылдың табысты аяқталғанын айтты.

Сонымен қатар мал басының өсімі, қысқы мал азығының жиналуы, ауылдық округ бюджетінің қоры, салық түсімі мен тағы басқа көрсеткіштер слайд арқылы халық назарына ұсынылды.

WhatsApp Image 2023-05-18 at 15.47.25
Дәл осындай есептік кездесу Ардақ ауылдық округінде де өтті.

Есептік кездесу жиналысында округ әкімі Саида Бркенова өткен жылы атқарылған жұмыстарға, атап айтқанда ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, денсаулық, білім, спорт секілді әр салаға кеңінен тоқталып өтті.
Ақтау ауылындағы жиын барысында ауыл тұрғындары мектепке күрделі жөндеу жүргізуге ықпал етуін, сапалы көпір орнату және әкімшілікке арнап ғимарат салу мәселелерін көтерсе, Ардақ ауылында халық тарапынан жолды күрделі жөндеуден өткізу, жедел жәрдемге жаңа көлік алып беру секілді маңызды мәселелер айтылды.

Осы тектес ұсыныс-пікірлерді тыңдаған аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жауап беріп, адағы жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.
Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале