11.06.2021, 15:58
Оқылды: 181

Шыңғырлау ауданында қотанталдықтар игілікті іс жасады

Әр ауылдың маңында зираттардың бары анық. Адам баласының өткенді еске алып, өскен жерін ұмытпауы заңдылық іспетті.  

 ауылын ұмытпағандар (1)

Шыңғырлау ауданына қарасты Қотантал ауылындағы зират қырлы жерде орналасқан. Зират көптен бері қараусыз, күтімсіз қалған болатын. Жуырда ауылдастар өзара ақылдасып, зиратты қоршап, ізгілікті іс атқарды. Соның ішінде ауылдан шыққан кәсіпкер Азылхан Жолдығалиұлы 300 мың теңге көлемінде қаражаттан қолдау көрсетті. Басқа да жерлестер шама-шарқынша қолдау көрсетіп, біршама қаражат жиналды. Нәтижесінде қоршау темірлер сатылып алынып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Зиратты қоршау жұмысы аяқтала салысымен ауыл маңында садақа берілді. Жан-жақта жүрген жерлестер бас қосып қауышып, мәре-сәре болды. Игілікті істі ұйымдастыруға мұрындық болған Мейірман Мендалиевке қотанталдықтардың айтар алғысы шексіз.

ауылын ұмытпағандар (3)

 

  А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале