23.08.2026, 15:38
Оқылды: 9

Шыңғырлау ауданында "Күміс алқа" иегері дауыс берді

Құрылтай депутаттарын сайлау күні №422 сайлау учаскесіне көпбалалы жас отбасы келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз азаматтық таңдауларын жасады. Олардың қатарында «Күміс алқа» иегері, Лаура Кубайдуллина да бар.

image-23-08-26-03-26

Балаларының болашағын ойлаған ана үшін елдегі тұрақтылық пен бейбіт өмірдің маңызы ерекше. Отбасы құндылықтарын берік ұстанып, ұрпағының тәрбиесіне көңіл бөліп отырған Думан мен Лаура  бүгінгі таңдауды азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі деп біледі.

– Ел болашағына өз үлесімізді қосып, дауыс беру арқылы балаларымыздың жарқын болашағына деген сенімімізді білдірдік. Әр отбасы өз таңдауын жасап, ел ертеңіне үн қосатынына сенімдімін, – деді Лаура Кубайдуллина.

Көпбалалы отбасының дауыс беруі азаматтық ұстанымын ғана емес, ұрпаққа көрсетіп отырған өнегесін де аңғартады. Өйткені ел болашағы туралы сөз болғанда, ең алдымен кейінгі ұрпақтың қамы ойға оралады. Бүгінгі жас отбасылардың әрбір қоғамдық іске белсенді араласуы балаларының ертеңіне деген жауапкершіліктің белгісі.

"Күміс алқа" иегері атанған Лаура Кубайдуллинаның отбасы үшін бала тәрбиесі мен ұрпақтың амандығы басты құндылық. Ана ретінде ол елдегі тыныштық пен тұрақтылықты, қоғамдағы татулық пен бірлікті балаларының бақытты өмірінің негізі деп санайды.

Бүгінгі күні көпбалалы отбасылар қоғамның берік тірегі. Бір шаңырақ астында өсіп келе жатқан балалардың болашағы елдің келешегімен тікелей сабақтас. Сондықтан әрбір отбасының елдік мәселелерге жауапкершілікпен қарауының маңызы зор.

Құрылтай депутаттарына сайлауға қатысып таңдау жасауы ананың ел болашағына деген ақ ниетін, жас отбасының қоғамдық өмірге деген белсенді көзқарасын танытты. Балаларының болашағы жарқын, елі тыныш, жұрты аман болуын тілеген әр ата-ананың арманы осындай ортақ мақсатпен үндеседі.

Балалардың жарқын болашағы – бейбіт елдің ертеңі. Ал сол ертеңге деген сенім бүгінгі жауапты таңдаудан басталады.

Светлана Байтенова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале