23.11.2023, 22:33
Оқылды: 137

Шыңғырлау ауданында үш қабатты үй қолданысқа берілді

Бүгін, Шыңғырлау ауданы орталығында үш қабатты, 45 пәтерлік үй қолданысқа берілді. Аудан көлемінде баспана кезегінде тұрған бірқатар аудан тұрғындары үшін тамаша сый болған баспаналар кілтін облыс әкімі Нариман Төреғалиев табыс етті.

IMG_7218

«Мемлекет басшысының ауылдық жердегі азаматтарға қолайлы жағдай жасау деген тапсырмасы бар. Осы тапсырманы орындау мақсатында біздер «Ел бесігі» бағдарламасы аясында түрлі осы бағыттағы жұмыстарды жасап жатырмыз. Солардың бірі – тұрғын үймен қамту. Биылғы жылдың өзінде облыс көлемінде осындай 563 пәтерік 42 үй салынып жатыр. Бірқатарын тапсырып жатырмыз. Сіздерде осы үйлерге қол жеткізгендердің қатарындасыздар. Бұған қоса, кезекте тұрғандарға қосымша 178 пәтер сатып алып беретін боламыз. Алдағы жылда ауылдарда тағы осындай үйлер салып, сонымен қатар 300-ге жуық пәтерлер сатып алып, кезекте тұрған тұрғындарға ұсынатын боламыз» - деді облыс әкімі.

IMG_7229

Алғашқы кезекті үй алуға мүмкіндігі бар арнайы топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен мұқтаж отбасыларға, сондай-ақ кезек реті жеткен жандарға ұсынылған жаңа пәтерлер жарқырап көз қуантып-ақ тұр. Суы келтірілген, көгілдір отынмен қамтылған.

IMG_7209

Тұрғындар қуанышы көл-көсір.

IMG_7249

Бүгінгі уақыт көрінісі халықтың қаладан ауылға беттегенін байқатады. Жер-жерде қаладан ауылға келіп, бизнес бастап, шаруасын алға бастырғандар көбеюде. Мұндай үдеріс Шыңғырлау ауданына да тән. Яғни, Шыңғырлаудың бүгінгі дамуы қоныс етуге де, бизнес ашуға да, инвестиция тартуға қолайлы деген сөз.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале