Шыңғырлау ауданына жаңа жедел жәрдем көліктері берілді. Аудандық аурухана Республика күні мерекесіне орай, облыс әкімінің қолдауымен, облыстық бюджеттің қаржысынан төрт медициналық көлікпен толықты.
Науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарымен толықтай жабдықталған су жаңа көліктердің кілтін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев салтанатты түрде табыстады. Үшеуі аудан орталығына, бір көлік Алмаз ауылдық округіне берілді.
Денсаулық сақтау саласына қай кезде де басым көңіл бөлінеді. Барлығы халық саулығы, елдің игілігі үшін. Берілген жаңа көліктер ауданның медициналық қызмет көрсету сапасының жоғарылап, одан әрі жақсаруына үлкен сеп болмақ.
Әсел Әлім
Шыңғырлау ауданы