15.03.2026, 8:54
Оқылды: 21

Шыңғырлау ауданында жас отбасы өз таңдауларын жасады

9d8d9947-73a1-439c-b3a0-4245f2529b94

Бүгін № 422 референдум учаскесінде жас отбасы Кабдышевтар - Максат пен  Айгерім  өз таңдауларын жасады.

Отбасы мүшелерінің айтуынша, референдум – халықтың еркін білдіретін, елдің даму бағытын айқындайтын маңызды демократиялық құрал. Сондықтан мұндай тарихи сәттерде әрбір азамат өз дауысын беріп, қоғам өміріне белсенді араласуы қажет.
Жас отбасы бүгінгі таңдау – болашақ ұрпақтың тағдырына әсер ететін маңызды қадам екенін жеткізді. Олар мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын келешегі үшін әр азаматтың пікір білдіруі аса маңызды екенін айтты.
«Біз үшін ел тағдырына қатысты мәселелерге бейжай қарамау маңызды. Сондықтан референдумға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл – біздің ел алдындағы жауапкершілігіміз», – дейді жас отбасы өкілдері.
Азаматтардың осындай белсенділігі қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің көрінісі. Референдум – халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды қадам.
Аудандағы № 422 референдум учаскесінің төрағасы Аслан Тағаниязов жас отбасыға ескерткіш сыйлық тапсырды.

Светлана Байтенова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале