25.09.2024, 9:00
Оқылды: 176

Шыңғырлау ауданында жылыту маусымына дайындық қалай?

Күрең күз келісімен кім-кімнің де ұядай жылылықты қалайтыны рас. Мекеме болсын, жеке үй болсын қара суық пен қытымыр қысқа даярлығы қандай екен деген сауал алдымыздан шығары сөзсіз. Осы мақсатпен Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Миржан Нұртазиев аудан орталығындағы мекемелердің қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеріп, шолып шықты.

CE1F818A-28CC-4380-A460-957CF9051196

Ірі ғимараттардың жылумен қамтамасыз етілуін іске асыратын қазандықтардың жұмыс істеуі талаптарға сай, сенімді әрі қалыпты болуы керек. Осы орайда бірқатар мекемелерді аралаған аудан әкімінің орынбасары қазандықтардың жағдайымен танысып, тиісті мекеме, бөлім басшыларына қажеттілігіне қарай бірқатар тапсырмалар берді.

Жалпы тексеріс нәтижесі бойынша қазандықтардың жылыту маусымына дайындығы қарқынды жүргізіліп жатқанын, алдағы уақытта мекемелердің жылумен тұрақты түрде қамтамасыз етілетінін сеніммен айта аламыз.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале