16.10.2024, 12:15
Оқылды: 204

Шыңғырлау колледжінде оқушыларға арналған экскурсия өтті  

Ел Президенті ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау, жұмысшы мамандығын дәріптеуді алға басты міндет етіп қойып отырғаны белгілі.

462598611_1235274217513269_3209161343015553486_n

Тіпті келер жылды Жұмысшы мамандар жылы деп жариялауының өзі осы саладағы түйткілді мәселелерге көңіл аударудың уақыты келгендігін айқын көрсетеді.

Шыны керек, қазір – тракторшы, комбайнер, дәнекерлеуші мен жонушы, тіпті электр мамандарына деген сұраныстың өсіп тұрған кез. Әсіресе далада пісіп тұрған егінді оратын комбайншы, шабылған шөпті жинайтын тракторшы керек кезде, маусымдық науқан тұсында шаруа қожалықтарының қолы байланып жатқаны.

Осыған орай қай мамандықтың да жаманы жоқтығын мамандық таңдау жолында тұрған жастарға ұғындыру, қат мамандықтарға басымдық беру мақсатында Шыңғырлау колледжінде тағылымдық шара өтті.

Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен облыстық кәсіпкерлік палатасы бірлесіп қабылдаған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес, Шыңғырлау колледжінде аудандық кәсіпкерлік палатасының директоры Б.Нармағамбетовтың қатысуымен аудан мектептерінің 9 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.  

Колледж қабырғасына келген оқушылар колледждегі оқытылатын мамандықтар мен олардың практикалық әзірліктері өтетін орындарды аралап, сабақ өткізілу тәртібімен, өндірістік оқу шеберханаларымен танысты.

Колледждің өндірістік оқыту шеберлері әр мамандықтың қыр-сырына оқушыларды қызықтыра отырып, тәжірибе жасау, оқыту алаңдарынан мәліметтер берді. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктеріне тоқталды. Колледждің ішкі тыныс-тіршілігімен кеңірек танысқан оқушылар аталған мамандықтардың күнделікті тұрмыста нағыз қажет екендігіне көздерін жеткізіп, мамандық таңдар тұста қоғамға қажетін таңдауларына бағыт-бағдар алғандықтары түсінікті.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале