26.10.2020, 11:00
Оқылды: 32

Шыңғырлау колледжінің студенттері жарады

«WorldSkiils Kazakhstan» жобасы 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Шыңғырлау колледжінің студенттері бірнеше жыл бойы қатысып, республикалық дәрежедегі байқаудан жүлделі орындар алып жүр.

122503399_1026771651067936_2462454545175624891_o

Байқаудың басты мақсаты – еліміздегі еңбекті арттыру, жұмысшы мамандардың оқыту үрдісіндегі технологияларын жақсарту, кәсіби жұмысшылардың беделін көтеру, жұмысшы мамандықтарды насихаттап, дәріптеу.

Бұл сайыс кәсіби шеберлікті бағалап, дамыту үшін ойлап табылған әлемдегі үздік жобалардың бірі. Байқау бірнеше сала бойынша өткізілді. Чемпионат әр сала бойынша жас мамандардың шеберлігінің көрсеткішін анықтауға және оны әлемдік үздік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.

Байқауға 8 сала бойынша 9 студент қатысқан. «Графикалық дизайн» бағыты бойынша Бикитеев Амир І орынға, «Кірпіш қалау» бағыты бойынша Кәрім Алдаберген І  орынға, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» бағытында Кабаев Сержан ІІ орынға ие болды. Сабдюшев Ильшат «Веб-дизайн» бағыты бойынша ІІІ орынды, Лукманов Еламан «Ауылшаруашылық машина және тракторды жөндеу слесарі» бағыты бойынша ІІІ орынды, «Кірпіш қалау» бағыты бойынша Чеснаков Вадим ІІІ орынды иеленді. «Дәнекерлеу технологиялары» және «Электр монтаждау» бағыты бойынша қатысқан колледж студенттері Әмірғалиев Мирас пен Ермуханов Али ІV орынға ие болып, алғыс хаттармен марапатталды. Ендігі жеңімпаздар республикалық сайысқа қатысып, облысымыздың намысын қорғайтын болады.

122533054_1026771124401322_762050643955446693_o

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы студенттерге байқауда сәттілік тілеп, қатысушылардың жетекшілерін алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетер тағы бір жайт, Шыңғырлау колледжі «WorldSkiils Kazakhstan» жобасы бойынша V орында, ал ауылдар арасында І орында.

 

Айбарша Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале