23.10.2024, 15:00
Оқылды: 134

«Шыңғырлау» отбасы орталығында ашық есік күні өтті

Қайырымдылық айлығы аясындағы жоспарға сәйкес, «Шыңғырлау» отбасы орталығында ашық есік күні өтті.

Маңыз

Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысына орай өткен шара барысында келушілердің сұрақтары мен мәселелері назарға алынды.

Келушілер аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаевпен кездесіп, еркін отырып сөйлесуге, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін айтуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жоғарыда аталған мекеменің бас маманы Светлана Вагаповамен, аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тілекші Кереевпен де кездесіп, сұрақтарын қойып және психолог маман Халила Жұмағұлованың лекциясын тындап, кеңес алды. 

Келгендердің көпшілігі көкейтесті мәселелерін ортаға салып, өтініш-пікірлерімен бөлісті.

«Аудан орталығында жиі ұйымдастырылатын мәдени шараларға, концерттерге көрермен ретінде бізді де шақырып тұрса», - дейді зейнеткер Ақмарал Мендіғалиева.

Ал қимыл-қозғалыс, жүру-тұруы киын жандар үшін инватакси қызметі керек-ақ дейді Сәлима Ақбалиева.

Аудан әкімінің орынбасарымен әңгімелесу барысында қоғам, әлеуметтік тұрмыстық мәлелелер де айтылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале