23.08.2026, 9:00
Оқылды: 17

Шыңғырлау жұртшылығы ел болашағы үшін таңдау жасауда

Бүгін елімізде тұңғыш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына Шыңғырлау ауданының жұртшылығы да белсенділік танытуда. Таңғы 7-де ашылған сайлау учаскелеріне аудан тұрғындары отбасыларымен, ұжымдармен кліп дауыс беруде.

image-23-08-26-08-50 (1)

Ауданның «Құрметті азаматтары» Адақ Шотпанов, Сағынғали Бисенғалиевтер үлгі көрсетіп, таң атысымен сайлау нүктелерінен табылып жатса, алмаздық Зарлық Сюндіков, Ғайса Канафин, Мұхамбетнағым Баймағамбетов, Тілекқабыл Жұбаниязов сынды сексенді еңсеріп, тоқсанның белесіне шынққан ауылымыздың құрметті ақсақалдары да өз таңдауларын жасап кетті. Сайлау учаскелеріндегі жұмыстың қалыпқа сай жүруі, келген халықты кезек күттірмеу үшін тез іс-қимыл көрсетуі ойдағыдай болуда.

image-23-08-26-08-50 (2)

Дауыс берушілердің қатарында алғаш келіп тұрғандар да, туған күн иелері де бар. 18 жасқа толып отырға Балауса Тулмисова мен Таир Қаражанов, Санат Саматовтар, туған күн иесі Амангелді Сұлтанғалиевтер жеке қуаныштарын халық таңдау жасайтын күні бөлісе келген. Оларға тиісінше сияй-сияпат жасалуда. Сонымен қатар бұл күннің маңыздылығына мән берген шекара қызметі, аудандық кітапхана, аудан спортшылары т.б ұжым болып келіп өз таңдауларын жасауда.

image-23-08-26-08-50

Барлық сайлау учаскелеріндегі ұйымдасқан іс-қимыл, өзара түсіністік маңызды күні тек ұтымдылық әкелуде.

Қазақстанның ертеңгі жарқын болашағы үшін елім, жерім дейтін аудан тұрғындары әділ таңдау жасайтынына сенімдіміз.

                                                                                        Гүлшат Ботанова,

 Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале