9.10.2024, 10:00
Оқылды: 146

Шыңғырлауда 200 түп көктерек егілді

Шыңғырлау ауданында жыл сайын көктем мен күз мезгілінде ағаш отырғызу дәстүрге айналды.  Бұл жөнінде Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы Н.Таужанов айтты.

200 түп

Көктемде ауданның кіреберісіне 200 түп көктерек көшеті отырғызылған-ды. Жаздай суарылып, күтім жасалған ағаштар жайқала өсіп келеді.  

Енді міне, жуырда Шыңғырлау ауылдық округінің қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылары   бірлесіп ауданның батыс беткейіне тағы да 200 түп көктерек екті. 

Жерге шаншылған әр көшет жазда сая, қыста қамсау болар зәулім ағашқа айналып, ауданымыздың көркіне айнала бермек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале