16.03.2024, 23:05
Оқылды: 12

Шыңғырлауда 70-ке жуық жамағат қатысқан сауапты шара өтті

Рамазан айы күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын жақсылық пен мейірімділікті, сауап пен имандылықты дәріптейтін ай. Қасиетті айда ораза ұстағандарға ауызашар беру үлкен сауапты іс саналады. Осыған орай жылдағы дәстүр бойынша Шыңғырлау ауылдық округінің ұйымдастыруымен «Алтын таға» кафесінде жайылған ауызашар дастарханына аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, аудан мешітінің бас имамы Әділхан Наурызбай, ауданымыздың қонақтары қарилар мен ораза ұстаушы ауыл тұрғындары қатысты.

02872C09-5D2B-440E-9B99-D13C4B8FDADE

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Саида Біркенова сөз сөйлеп, ауыз ашарға жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ұстаған оразалары, жасаған құлшылықтары қабыл болуын тіледі. Мешіттің бас имамы Ә.Наурызбай ауыз ашар берудің сауабы жайында, сондай-ақ, қасиетті айдың мәні мен маңызы туралы насихат айтты.

725479A9-FC42-4AA6-803A-726AB5D92558

70-ке жуық жамағат қатысқан сауапты шараның соңында ауыл тұрғындары Ж.Есенова, С.Ақмұханова, Қ.Төлегеновтер ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, елімізге тыныштық, әр отбасыға береке-бірлік тіледі.

2F9CC982-3360-4F7A-A878-2CB4A3607359

Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты шараның өтуіне атсалысқан «Дән» мәдениет үйінің ұжымына, «Дән» ауылдық кітапханасының ұжымына, сонымен қатар, «Алтын таға» кафесінің ұжымы және басшысы Жанар Жаркееваға, ауыз ашар дастарханына қаржылай қолдау көрсеткен «Жәрдем» ШҚ басшысы Қайрат Базарғалиевқа, «Бекманов» ШҚ басшысы Нұрлан Бекмановқа, «Ақсоғым» ШҚ басшысы Қанат Усманғалиевқа, «Абдуғалиев» ШҚ басшысы Саламат Абдуғалиевке, «Табын» ШҚ басшысы Дәурен Кульметеновке, «Арман» ШҚ басшысы Марат Наурызғалиевқа, «Чинойл» жанар-жағармай бекетінің басшысы Гүлнар Дүйсеноваға, «Мадина» АШӨК басшысы Бекет Нығметовке шынайы алғысын білдіреді.

Бақыт Баймағанбетова,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале