27.10.2020, 16:24
Оқылды: 48

Шыңғырлауда «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау» бойынша оқыту семинар-тренингі өтті

 «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау»  бойынша оқыту семинар-тренингі өткізілді. Семинар-тренингті «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова ашты.

 IMG_9298

Оқыту семинар-тренинг мақсаты – ауылды аймақтарда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, қаржыландыру қолжетімділігін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін бизнеспен айналысуға ынталандыру, экономика саласында гендерлік теңдікті арттыру және ауылды аймақтарда әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету.

Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалары бойынша аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев түсіндірді.

IMG_9286

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының II бағыты "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" аясында 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаларға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетіні жөнінде, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер бағдарламаға қатысушы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу немесе оқуға тіркелуі үшін аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуы қажет екенін аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Б.Үмбеталиев айтып өтті.

 

Светлана Байтенова,

 «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале