24.06.2021, 18:44
Оқылды: 103

Шыңғырлауда ардагерлер кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы ғимаратында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың қатысуымен ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.

IMG_6407

Ең алдымен кеңес төрағасы С.Сәмиевтің 2020 жылдан 2021 жылдың І жартыжылдығына дейінгі кезеңдегі жұмысы туралы есебі тыңдалды. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Б.Сапаров, Р.Тұрмағамбетов, М.Бекжанов та өзіндік ойларын ортаға салып, ардагерлер кеңесінің жұмысына көңілдері толатынын жеткізді.

Отырыс барысында аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Баймұханов атқарылған жұмыстар мен бөлінген қаржы көлемі жайында баяндама оқыды.

IMG_6376

Аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы жиналған барша ардагерлерге алғыс білдіріп, ардагерлердің көңіл толқытарлық сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, ауданымыздағы ардагерлер ұйымының жаңа кеңес мүшелігіне 25 адам, ардагерлер ұйымы кеңесінің жаңа құрамына 5 адам ұсынылып, бірауыздан мақұлданды.

IMG_6562

Облыстық ардагерлер ұйымының шешіміне сәйкес аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сабырғали Самиұлы облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына делегат болып сайланды.

Шара соңында ауданға еңбегі сіңген ардагерлерге аудан әкімі Әлия Биғазықызы алғысхат пен сыйлықтар табыс етті.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале