11.09.2024, 17:00
Оқылды: 107

Шыңғырлауда астық молынан жиналып жатыр

Биыл ауа райының қолайлы болуы көктемгі далалық жұмыстың ырғақты өтуіне себеп болды. Нәтижесінде егістік алқаптарға 5 703 гектар дән себілді. Соның ішінде жаздық бидай 2 069 гектарға, арпа – 1 943, тары – 747, дәнді құмай – 864, жасымық – 80 гектарға егілген болатын.

6A4EB101-0D90-4BD8-977C-FC4B0ADE1F90

Сондай-ақ 4 291 гектар жерге майлы дәнді дақылдар егілген. «Атап айтсақ, мақсары – 2 583 гектарға, күнбағыс – 1 708 гектар жер танабына себілген.

Бүгінгі таңдағы мәлімет күздік қара бидай – 325 гектардан, орташа өнімділігі 21 ц/га мен қоймаға тасылды. Ал күздік бидайдың орташа өнімділігі 37 ц/га және ол 1 200 гектардан өндіріліп отыр.

Жаздық бидай – 1 914 гектардан алынып, орташа өнімділігі 16,3 ц/га берді. Арпа – 1 711 гектардан жиылып, орташа өнімділігі 18,5 ц/га құрады. Айта кету жөн, тары дақылы өнімділігімен диқандардың көңілдерін бірледі. Жалпы аудан бойынша 5 897 гектар алқапта дәнді дақылдар бастырылды, орташа өнімділігі 22,8 ц/га, бұл жинауға жататын жалпы дәнді дақылдары алаңның (7148 гектар) 82,5%-ын құрайды.

– Иә, егін науқаны өткен жылмен салыстырғанда мол өніммен, қалыпты ауа райымен ерекшеленіп отыр. Техникалары сақадай сай егін саласының майталмандары дала төсінде үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп жүр. Еккен егіннің дәнді дақылдардың өнімі орташа есепппен 22,8 ц/га құрап отырғанының өзі үлкен жетістік деп санайды. Оған дәлел, 2023 жылы 11 384 тонна өнім өндірілсе, биылғы жылы 13 мың 439 тонна астық бастырылды. Осы мол өнімге егістіктегі алдын ала жасалған агротехникалық шаралар мен тығайтқыштармен баптаудың арқасында қол жеткізілді деп айту парыз. Десек те дала төсінде техникалар кідіріссіз жұмыс істеп, шуақты ауа райына орай, әлі де мол өнім жинайды деген сенім бар», - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрлан Садықов.

Ал майлы дақылдар бойынша айтсақ, әзірге 647 тонна өнім жиналды, алдағы күндері аталған дақыл алқабынан еселеп әлі де өнім алынады деп күтіліп отыр.

Одан бөлек, «ErQanat Group» ЖШС, «Бердібай Бекзат», «Тулеганов», «Бекманов», «Ақжалғас» шаруа қожалықтары биыл біржылдық шөптердің түрін егіп (судан шөбі, сорго) тым-тәуір өнім алды (15-20 ц/га). Далалық шөптің өнімділігі биыл аудан бойынша 3,6-4,3 ц/га құрап отыр.

Егін шаруашылығы саласында көпжылдық тәжірибелері бар шаруалар алдағы көктемнің қамын қазірден ойлап отыр. Алынған өнімді сұрыптап, сатылымға шығаратынын бөлектеп, тұқымдыққа сақтайтын орынын ыңғайлап, келер жыл үшін де тыным таппай жұмыстанып жатыр.

Еккен егінің еңсеңді түсіртпей мол өніммен ризаласа, ол да бір жұмыстың тиянақты жасалғаны, ақ адал еңбек пен маңдай тердің ақысы екені рас. Демек, еккен егіннен еселеп өнім қамбаға құйылса, диқанның мерейі сол емес пе?!                                        

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале