Бүгін балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Социалистік Еңбек Ері Манат Бақытұлы Ержановты еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасында бокстан дәстүрлі қалааралық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында Шыңғырлау ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры М. Бектияров, жарыстың бас демеушісі «Жарас» ШҚ-ның басшысының орынбасары Ә.Талдыбаев, турнирдің бас төрешісі, ауданымыздың спорт ардагері А.Пятин сөз сөйлеп, барша спортшыларға жеңіс тіледі.
Аталмыш спорттық шараға Ақтөбе, Ақтау, Орал, Ақсай қалаларынан және Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау аудандарынан барлығы 7 команда қатысып, 80-ге жуық былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz