29.03.2023, 17:45
Оқылды: 24

Шыңғырлауда бокстан турнир басталды

Бүгін Шыңғырлау аудандық балалар мен жасөспірімдер​ спорт мектебінің ғимаратында Социалистік Еңбек Ері Манат Ержановты еске алуға және «Жарас» шаруа қожалығының жүлдесіне арналған бокстан дәстүрлі қала аралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Орал, Ақтөбе және облысымыздың аудандарынан келген 70 спортшы шаршы алаңда бақ сынаспақ.

IMG-20230329-WA0078
Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, спорт саласының ардагері Әскербай Саматов және жарыстың бас демеушісі, «Жарас» шаруа қожалығының өкілі Артық Усмангалиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, болашақта еліміздің көк туын биікте желбірететін боксшы болыңдар деген тілектерін жеткізді.

IMG_20230329_173836
Үш күнге созылатын жарыста 44-57 келі салмағындағы жасөспірімдер қолғап түйістіріп, өнер көрсетеді.

IMG-20230329-WA0077

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20230329-WA0074

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале