Шыңғырлау ауданында дәрі-дәрмектің тапшылығы мен оның негізсіз қымбаттауын болдырмау мақсатында қоғамдық мониторинг мүшелері дәріханаларға бақылау жүргізді.
«Nur Otan» партиясының партиялық бақылау комиссия мүшесі М.Кузбаева, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Е.Сабиров, «Aqjayiq adaldyq alany» жобалық кеңсесі жетекшісі Н.Қайыржанов қатысты.
Мониторинг ауданның 2 дәріханасын қамтыды. «Тамифлю», «Ингавирин», «Цеф III», «Левозин» сияқты көптеген вирусқа қарсы және ыстықты түсіретін препараттар, қызу өлшегіштер де сатылымда жоқ. Парацетамол және ацетилсалицил қышқылы (аспирин) бар. Қорытындысы бойынша мониторинг тобы тарапынан аудандағы дәріханаларды қамтитын барлық жеке кәсіпкерлерге: дәрілік заттарды, медициналық бетперделер мен медициналық термометрлерді, дәрі-дәрмектерді сату кезінде бекітілген бағалардың сақталуы туралы ескертілді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz