5.07.2023, 17:04
Оқылды: 19

Шыңғырлауда «Егінжай күні» өтті

Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылдық округі Амангелді елді мекені «Амангелды Агро» ЖШС-ның егіс алқаптарында «Егінжай күні - 2023» аясында семинар өтті.

ЖП Е

Семинар жұмысына аудан әкімі М.Өмірәлиев, БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Д.Умашев, Ақтөбе және БҚО ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен агрономдар, сондай-ақ «AlemAgro», «Байер Каз»,«АБН Технологии» ЖШС-нің мамандары қатысты. Дала төрінде жиналған шаруалар мен диқаншылар үшін  өте қажетті, мазмұнды, берері көп жиын болды. Шарада  күздік, жаздық дақылдарды өсіру технологиясындағы технологиялық инновациялар, арам шөптермен күрестің амалдары,  сапалы өнім өндіру  әдістері кеңінен талқыланды.

ЖП Е

«Егінжай күніне» арналған семинар үш бөлімнен тұрды. Теориялық, практикалық және көрме. Ауа-райы, климат, топырақ және ауыл шаруашылық техникасы біздің аймақтағы егістік дақылдарының негізгі факторлары болып қала береді. Семинарға қатысушылар заманауи ауыл шаруашылығы техникасын қолдану арқылы, жаңа өндірістік технологияларды енгізетін шаруашылықтардың жұмысын көріп, тәжірибе алмасты. Ашық аспан астында басшылар, мамандар мен фермерлер құрғақшылық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін табысты жүргізудің жолдары мен тәсілдерін және жаңа өндірістік технологияларды енгізу ерекшеліктерін талқылады. «Амангелды Агро» ЖШС егістіктерінде «Байер Қаз» ЖШС-ның өкілі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты А.Нұғманов серіктестік еккен күздік бидай, жаздық бидай, күнбағыс және дәнді құмай мысалында осы дақылдарды егудің тиімді жақтарын атап өтті.

ЖП Е

- Кейбір сорттар Франция, Австрия, Канада, Германия мен Ресейден алынды. Осы егістіктерге Франция, Ресейдін дәнді құмайдың алты сорты егілді. Бір гектарға алты келі тұқым себілді. Ал күзде әр гектардан 30-40 центнер өнім алынады деп күтілуде. Өсімдік шаруашылығында жаңа заманауи технологияларды қолдану жоғары өнім алу мүмкіндігін арттырады. Бірақ жоғары сортты тұқымдар, замануи техника қажет. Сонымен қатар минералдытыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану қажет, - дейді А.Нұғманов.

егінн

   Семинар қорытындысында аудан әкімі М.Өмірәлиев шаруа қожалықтарының басшыларына өсімдік түрлерін көбейтіп, әртараптандыруды және агроном-ғалымдармен бірлесіп жақсы тұқым алу үшін ғылыми зерттеулер жүргізуді тіледі.

 

  Айсұлу Мұса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале