19.03.2024, 23:30
Оқылды: 15

Шыңғырлауда экосағат шарасы өтті

19 наурыз – Жаңару күні. Табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын көктем мезгілімен қатар келген Ұлыстың ұлы күні жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған.

432928531_1489610621589580_6088744087808558919_n

«Өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді.

Наурызнаманың алтыншы күні Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасында «Экологиялық тәрбие –  болашақ кепілі» атты экосағат шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты –  экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру, айналаны ластамауға, таза ұстауға үйрету, кітап қорындағы экологиялық бағыттағы әдебиеттерді насихаттау.

432754933_1489604044923571_8611431807089102797_n

Экологиялық білім мен тәрбие беруді күшейту – қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған басты мәселе. Сондықтан өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, біз бұл міндетті жас ұрпаққа жеткізе білуіміз керек.

Осы бағытта Ащысай модельді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандарға гүл өсіріп оны қалай баптауы түсіндірілді. Сонымен қатар гүлдердің емдік қасиеті туралы айтылды. Ащысай бөбекжай кешенінің кітапханашысы Нурғанша Мақсотқызы ағаш, гүлдер отырғызарда топырақты қалай құнарландыруға болатынын айтып түсіндірді. Табиғатымызды аялап таза ұстау ағаштарымызға су құйып оны баптау керек екендігі айтылды. Жылма-жыл ауылымызға жеміс ағаштарын егіп, көшемізге ағаш отырғызу ұсынылды.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале