Шыңғырлау ауданында электр желісін жаңарту бағытында жұмыстар қолға алына бастады. Соның бірі Кеңес дәуірінен бері тозығы жетіп тұрған электр бағаналары болатын. Сымымен бірге бағаналардың да жай күйі келісіп тұрмағаны шындық еді.
Енді міне, заңды түрде осы жұмыстармен айналысу құқығын беретін тендерді ұтып алған оралдық «Жайық Сити» компаниясы жер кебісімен-ақ жұмысты бастап кетті. Мердігер Мереке Молдағалиев басшылық ететін ұжымның 20-дай мамандары 3 техниканың көмегімен жерді бұрғылап, ескі бағандарды қазып, орнына жаңасын орнату жұмыстарын жүргізуде. Аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев жүргізіліп жатқан жұмыстарддың басында болып, бүгінгі жәй-күйінен хабардар болды. Ол мердігерлермен жүздесу барысында сапа жағына қатты мән беру және жұмыстың уақытылы аяқталуына жетісу қажеттігін ескаерткен болатын.
-Бұл жұмыстардың кезегін күткеніне де аз болған жоқ. Жаңа бағаналарды орнату, жаңа сымдармен жабдықтау жұмыстары халықтың жыл сайынғы кездесулерінде көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі болатын,-дейді аудандықТҮ КШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Темірхан Байғалиев.-Жоспарланған жұмыс көлемі 29,5 шақырымды құрап отыр.
Әрине, жұмыс белгіленген мерзімде аяқталары сөзсіз. Тек оның сапасы күткендегідей болғаны жөн-ақ.
Гүлшат Ибрагимқызы
Шыңғырлау ауданы