30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай Шыңғырлауда салтанатты жиын өтті.
Шыңғырлау ауданының әкімі, ”Nur Otan” партиясы аудандық филиалының төрағасы Әлия Мұханбетжанова әртүрлі салада қызмет істеп жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларға «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалін және төсбелгісін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасының, облыс және аудан әкімдерінің алғысхаттарын табыс етті.
Аудан басшысы барлық еңбек иелеріне жұмыстарына табыс, ашық аспан, отбасыларына амандық тіледі.
Гүлназ Мұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz