Халық денсаулығын қорғау қай қоғамда да басты мәселе. Кейінгі жылдарда белгілі бір аймақ қана емес, әлемдік сипат алып тұрған «CОVID-19» тәждівирус індеті, түрлене жалғасып жүрген сол індеттің кейінгі басқа түрлері халықтың денсаулығына аса назар аударуды талап етіп отыр.
Шыңғырлау ауданы 2025 жылды аудан ауруханасынан күрделі жөндеуге қойды. Иә, көптен күрделі жөндеу көрмеген ғимарат жаңа жамап-жасқауды, нақты күтімді күтіп тұрған. Енді міне, әйгілі «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының тапсырысымен мердігер компания «БатысКотлоМонтаж» ЖШС қолға алып отыр. Жоспар бойынша толық жөндеу жүргізіліп, барлық сумен қамту, кәріз жүйесіне дейін қамтылып, аумағы абаттандырылып, 6 ай ішінде тапсырылмақшы. Мердігер компания жұмысты бастап кетті.
Бүгін осынау үлкен жобаның жұмысы барысымен танысуға облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешов ауданымызға келді. Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қонақты жөндеу жұмысы басталып кеткен ғимаратқа бастап жүріп, аралап шықты. Қазір ғимараттың демонтаж жұмыстары шамамен 35 пайызға орындалған.
Бұдан әрі лауазымды қонақтар сырқаттар уақытша орналасқан бұрынғы мектептен тыс балалармен жұмыс орталығында болды. Мұнда жергілікті ақ халаттылар шағын ғимаратты ұтымды пайдаланып, ер адамдар, әйелдер палаталарын, босандыру бөлмесі, екпінді терапия палатасын, асхана, балалар палатасын, тағы бірнеше аса қажетті орындарды қамдап алған екен. Өңірдің аға дәрігері емделушілерге бұл жағдайға түсіністікпен қарап, келтірілген қолайсыздыққа шыдамдылық танытуларын өтінді.
Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы