8.02.2018, 11:56
Оқылды: 54

Шыңғырлауда фармацевтикалық кешеннің құрылысы жүргізілуде

Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев халық алдында есеп беруде. Есепті жиынға облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысуда. Аудан әкімі кәсіпкерлік саласына тоқталды

- Бүгінде ауданның жеке кәсіпкерімен 13 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «Патриот» супермаркеті іске қосылды. Сонымен қатар көгілдір отын құю станциясы да өз жұмысын бастады.

Сондай-ақ Ақсай қаласынан келген инвестормен фармацевтикалық кешеннің және жергілікті кәсіпкермен бизнес орталықтың құрылысы жүргізілуде.

Ауданда «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Өткен жылдың өзінде, осы бағдарлама аясында жергілікті кәсіпкерлермен 4 жоба іске асырылып, 180,9 млн.теңге несие алынды. Соңғы 3 жыл ішінде 9 жоба іске асырылып, 48 жаңа жұмыс орыны құрылды. Ауданға осы бағдарлама бойынша 255,7 млн. теңгеге жуық қаржы келді. Сонымен қатар ауданның кәсіпкерлерімен екінші деңгейлі банктер арқылы айналымға 57 млн. теңге көлемінде несие алынып отыр, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Суретке түсірген Айбатыр Нұраш

WhatsApp Image 2018-02-08 at 10.40.46 WhatsApp Image 2018-02-08 at 10.40.27 WhatsApp Image 2018-02-08 at 10.40.37

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале