22.12.2020, 9:50
Оқылды: 6

Шыңғырлауда кандидаттар үй-жайларды аралады

«Nur Otan» партиясының мәслихаттарға сайлау науқанының екінші үгіт-насихат жұмысы басталғанда да үміткерлер тарапынан белсенділік анық байқалды. Үміткерлер әлеуметтік желілерде тікелей байланысқа шығуды жалғастырып, аудан орталығындағы мекеме-ұйымдар өкілдерімен кездесуде.

131984365_1231303837243693_4525040726976333850_n

Бүгін облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Мадияр Байжанов аудан орталығындағы ардагерлердің үй-жайларын аралады. Партияның «Арлагерлерді ардақтайық» атты жобасының аясында ауданымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде қариялармен әңгімелескен үміткер олардың бүгінгі таңдағы толғандыратын мәселелеріне құлақ салды.

Ардагерлер аудандық партия филиалының ардагерлерді ұмытпай, әр мерекелерде құттықтап, келелі кеңестерден қалдырмай жүргендігін тілге тиек етті.

Аудан ардагерлерінің бүгінгі Үкімет саясатына, партия шараларына көңілдері толатындығы басқосуда анық байқалып тұрды.

Олар өз тараптарынан сайлауға ауылдастары бір кісідей қатысып, өздері алғашқылардың бірі болып дауыс беретіндіктірін айтты.

Үміткер өз кезегінде бұған дейін де депутат болған кезінде ардагерлермен байланыс орнатып, хал-қадірінше көмегін беріп келген еді. Алдағы сайлау алдында да үміткер аға буынмен тығыз қарым-қатынасты жалғастыру басты мақсаты деп біледі. Ақсақалды аталармен, ақ жаулықты аналармен кездескен Мадияр Жеңісұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сенім білдірген жерлестеріне алғысын білдірді.

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале