2.10.2024, 15:00
Оқылды: 164

Шыңғырлауда қарияларға қамқорлық көрсетілді

«Қариясын сыйлаған елде қасиет бар» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі.

FED6E7B0-1190-4E3F-B3F1-978F0682F330

Елімізде аталып өтетін Қариялар күні қарсаңында Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі мәдениет үйінің қызметкерлері зейнеткер Ақкенже Оңдағанованың ауласындағы шөбін тазартып, жинады. Сонымен қатар мерекеге орай құттықтауларын жеткізіп, сыйлықтарын тапсырды.

Өз кезегінде осындай қамқорлықтары үшін Ақкенже апай ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды.

«Қарттарымызды қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, өскелең ұрпақпен жалғасқан рухани қазынасы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра, - деп атап өтті мәдениет үйінің жетекшісі Айгүл Тастамбекқызы.

Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық.

Алмагүл Имашева

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале