Бүгінде елімізде отандық өнімдерге деген сұраныс артып келеді. Халық қалаған өнімнің сапасын арттыру – бүкіл әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ілгерілетуге мүмкіндік береді. Халық тұтынатын қазақстандық тауарларға сұраныстың жоғарылауы кәсіпкерлерді аталмыш салаға қаржы салуға ынталандырады. Еліміздегі ешқандай химиялық қоспасы жоқ өнімді жеткізуде отандық кәсіпкерлер барлық мүмкіндікті пайдалана алуы керек деген бағыт-бағдар «Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасында да ескеріліп отыр.
Осы бағыттағы жұмыстардың барысы алдағы сайлауға қатысты пікір алмасу мақсатымен аудан орталығындағы «Патриот», «Теща» супермаркетінде «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында кездесу өтті.
Аудандық «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат тобының белсенділері жеке кәсіпкерлер Р.Камзаев және Л.Жумалиева басқарып отырған ұжыммен кездесіп, еліміздегі жетекші партияның кәсіпкерлерді қолдайтындығын айтып, жұмысты дамытуда түрлі бағдарламалар бар екендігін алға тартты.
- Тауар сапалылығы мен бағаның да көңілге қонымды болуын үнемі қадағалауда ұстаймыз, - дейді бизнес өкілдері.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz