26.05.2024, 10:00
Оқылды: 4

Шыңғырлауда кітапханашылармен кездесу өтті

Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасына Батыс Қазақстан облыстық «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасынан «Приуралье» газетінің бас редакторы Тоқтар Кенжегалиев арнайы келіп, кітапхана директоры Гүлмира Макарқызы бастаған кітапханашылар ұжымымен кездесті.

image-25-05-24-01-51-5

Еркін форматта өткен шараға «Серпін» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Қаршыға Елемесов және аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Жоламанова қатысып, кітапхана жұмысының өзекті мәселелері айтылып, пікір алмасып, сонымен қоса кітап оқу мен оқытудың әдіс тәсілдері, әлеуметтік желі туралы айтылып, көкейкесті сұрақтар талқыланып, орынды ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

image-25-05-24-01-51-2 (1)

Гүлбаршын Айжарықова,

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале