28.08.2024, 17:45
Оқылды: 244

Шыңғырлауда Конституция күніне орай танымдық сағат өтті

Конституция күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ата Заң – тәуелсіздік негізі» атты танымдық сағат өткізілді.

D2AD8BFF-0042-4E99-8707-766472045F4E

Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлерімен бірлесе жүзеге асқан шараға Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.

Танымдық сағатқа келгендер үшін әуелі экскурсия өткізіліп, оқушылар музей залдарын аралады.

A1CCED7C-DC6A-4FC1-92A3-0BE860E1F1F0

Жәдігерлерге қызығушылық танытқандарға түсінік беріліп, арнайы жұмыс жүргізілді. Музей залында орналасқан рәміздерге арналған бөлімдегі Конституцияға бөлінген жерде Ата Заң туралы кеңінен мағлұмат айтылып, оның өмір сүруімізге негізі, елдігіміздің белгісі, ең маңызды құжат екендігі паш етілді.

Кітапхана қызметкерлері Г.Айтжанова мен И.Асаубаева музейдегі киіз үй ішін әсем безендіріп, талғамға сай тамаша көрмелер, стендтер жасақтады. Оқушылар киіз үй ішіндегі дөңгелек үстелдерді айнала отырып әр түрлі танымдық ойындар ойнады. Сұрақтарға жауап беріп, Ата Заңымыз жөніндегі білімдерін толықтырып, жаңа мәліметтер алды.

F2AFE7D8-3BBB-4CF0-93A2-4C020719F66E

Музей қызметкері А.Шотпанов оқушыларға Тәуке ханның «Жеті жарғысы» туралы айтып, мысал келтіре отырып, оның бүгінгі Конституциямыздың бастау бұлағы екендігіне тоқталды.

7D5F0639-DB52-4467-9602-B5B5B2C15347

Кітапханашылар Гүлназ Оразғалиқызы мен Индира Болатқызы шараның шырайын асыруға еңбектеніп, қызықты өтуіне жұмыстанды.

Жалпы кітапхана мен музей арасындағы байланыс жақсы. Бірлесе жұмыс атқарып, үнемі жоспарлы, жүйелі еңбек етіп жатыр. Болашақта да бұл жұмыс жалғаса бермек.

Адақ Танабайұлы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале