30.12.2020, 16:20
Оқылды: 29

Шыңғырлауда қос ауылға таза су берілді

Бүгін Шыңғырлау ауданына қарасты Ақтау мен Ардақ ауылдарының су құбырлары «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қайта жөндеуден өтіп, іске қосылды. Қос ауылдың су құбырларының ашылу салтанатына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты.

IMG_9732 (1)

Ақтау ауылындағы су құбырларын қайта құру жұмысын «Болат-Д» ЖШС жүргізсе, Ардақ ауылының су құбырларын қалпына келтіру жұмыстарын «Калдығайта» ЖШС ұйымдастырды. Аталмыш жұмыстарды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен Ақтау ауылына 160 млн 314 мың теңге, ал Ардақ ауылына 150 млн 655 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген.

IMG_9683

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі «Бүгінгі таңда Шыңғырлау ауданы халқының таза ауыз сумен қамтылуы 92,4 пайызға жетті. Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын салынған Ақтау мен Ардақ ауылдарындағы су құбырлары заман талабына сай қалпына келтіріліп, қайта құрылды. Ендігі кезекте, ауыз суды үнемдеуді ұмытпай, өз өңіріміздің дамуына үлесімізді қоса білейік», - деді аудан басшысы Әлия Биғазықызы.

Одан соң сөз алған ауыл ақсақалдары ауылдық жерлерде тұрмыстың жақсарғандығын айтып, шынайы алғыстарын білдірді.

IMG_9783

Екі ауылда да су құбыры ашылу лентасы салтанатты түрде қиылып, су құбырының іске қосу тетігі басылды.

Салтанатты қуаныш ауыл көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале