4.09.2023, 16:15
Оқылды: 13

Шыңғырлауда күзгі жәрмеңке өтті

Күз басталысымен Шыңғырлау ауданының тұрғындары үшін жәрмеңкелер ұйымдастыру қолға алынды.

C70A761B-3DC6-4695-86C8-06F47F2BF666

Күзгі жәрмеңкеге ауылдық округтер өз өнімдерін кезегімен әкелуде. Бұған қоса жеке кәсіпкерлер мен тұрғындар да өз аулаларында өндірілген көкөністер мен сүт-май, қаймағын да сатылымға шығаруда.

Сенбі күні ауданға қарасты Ақбұлақ ауылдық округі жәрмеңке өткізді. Сатылымға ауылдық округ ірі қара етін шығарды. Қой етін де саудалағандар аз болмады.

87F3AF7E-2724-495E-9B17-F5573AE5DA8C

Ақтау ауылдық округіндегі «Сұлтанбек» ШҚ атынан Әмірбек Мұқатқалиев те қарбыз, қызанақ, асқабақ, т.б өнімдерін ала келген.

Жәрмеңкеге келген жұртышылық қолжетімді баға үшін разылықтарын білдіріп жатты.                                                                                                 

Гүлшат Ботанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале