23.06.2021, 18:09
Оқылды: 95

Шыңғырлауда мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызмет жауапкершілік пен ұстамдылықты, кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды сала. Бұл салада қызмет атқарып, халықпен етене тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап жүрген мамандардың еңбегі зор. 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде адал еңбегімен, үлгілі қызметімен кзге түскен мамандар марапатталды.

шшш00

Алғашқы сөз кезегін аудан әкімі Әлия Биғазықызы алып, барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде Әлия Мұханбетжанова Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің және өзінің атынан үлгілі қызметтері үшін алғыс хаттар табыстады.

Қандай қызмет болмасын әр салада отбасында көрген тәлім-тәрбие маңызды рөл ойнайды. Осы орайда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қызметіне адал, ел үшін аянбай қызмет етуге дайын жанашыр азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп өсірген мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын да алғыс хаттармен марапаттады.

шш2

Сонымен қатар, аудан әкімінің алғыс хатымен ауданда көп жылдар бойы қызмет етіп, мемлекеттік қызметке талай жылын арнаған жандар марпатталды. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне өз үлестерін қосып, ұзақ жылдар бойы еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнаған, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлік демалысқа шыққан Бақытжан Сапарұлы, Мұрат Тұрабайұлы, Кеңес Ізбасарұлы, Валентина Петровналарға алғыс хат табысталды.

Әр жыл сайын Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер ант қабылдайды. Бүгінгі шарада да мемлекеттік қызметке алғаш кіріскен мемлекеттік қызметшілер, атап айтсақ, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Марал Әленова мен Шыңғырлау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Ринат Асанов салтанатты түрде ант қабылдады. Сәні мен салтанаты келіскен шараның соңында шағын концерт қойылды.

 

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале