4.06.2024, 20:00
Оқылды: 87

Шыңғырлауда Мемлекеттік Рәміздер күні аталып өтті

Шыңғырлауда 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні Дән ауылдық мәдениет үйінде аталып өтті.

image-04-06-24-06-14

«Еліміздің тарихын, айбыны мен ерекшелігін паш ететін, төрт күл дүниеге танымал еліміздің абыройын асқақтататын нышанымыз, бұл – Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін ірілеп беретін де осы қасиетті рәміздеріміз. Еліміздің рәміздері әрбір қазақстандықтың жоғары ұстайтын, ерекше құрметтейтін, мақтанышы десек артық айтқандық емес. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизмді өскелең ұрпаққа насихаттап, Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық жетістіктеріне мақтаныш идеяларын кеңінен танымал ету және дамыту болып табылады» - деп аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жұртшылыққа құттықтау сөзін арнады.

image-04-06-24-06-14-4

Сондай-ақ сахна төрінде ауданымыздың дамуы үшін елеулі қызмет атқарған, жетістіктерімен ерекшеленген, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға үлес қосқан азаматтар, ұжымдар мен жастар және оқушылар шақырылып, оларға алғысхаттар табыс етілді.

image-04-06-24-06-14-7

Салтантты жиын соңы көркемөнерпаздардың концертіне жалғасты.

image-04-06-24-06-14-3

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале