Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік құттықтау-сазды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасы және таулы Карабахтағы қақтығыстарда бейбіт мақсатта қатысқан азаматтар мен кешегі тасқын судың бетін тойтару кезіндегі іс-қимылға атсалысқан шыңғылаулықтар марапатталды.
"Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде" дегендей, қасымызда жүрген қарапайым жерлестеріміздің шын сыналар тұста шегінбей қиындыққа қарсы қасқая тұрғаны мақтандырады екен. Әр азамат- азаматшалардың алып жатқан марапаттары сол мақтаныштың дәлелі сынды. Көрермен қошеметі де толастамады. Халық-таразы десек, бұл сол халық ықыласы десек қателеспейміз.
Қаршыға Асу,
Шыңғырлау ауданы