8.05.2024, 17:39
Оқылды: 37

Шыңғырлауда мереке қарсаңында лайықты жандар марапатталды

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік құттықтау-сазды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

image-07-05-24-05-24

Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасы және таулы Карабахтағы қақтығыстарда бейбіт мақсатта қатысқан азаматтар мен кешегі тасқын судың бетін тойтару кезіндегі іс-қимылға атсалысқан шыңғылаулықтар марапатталды.

image-07-05-24-05-24-5

"Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде" дегендей, қасымызда жүрген қарапайым жерлестеріміздің шын сыналар тұста шегінбей қиындыққа қарсы қасқая тұрғаны мақтандырады екен. Әр азамат- азаматшалардың алып жатқан марапаттары сол мақтаныштың дәлелі сынды. Көрермен қошеметі де толастамады. Халық-таразы десек, бұл сол халық ықыласы десек қателеспейміз.

image-07-05-24-05-24-2

image-07-05-24-05-24-4

image-07-05-24-05-24-1

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале