5.11.2021, 17:15
Оқылды: 19

Шыңғырлауда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс жиыны өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХIII конференциясы өтті. Жиынды партияның аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия жүргізді. Күн тәртібінде Шыңғырлау ауданы бойынша Қарағаш ауылдық округі әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтауына байланысты Қарағаш округіндегі сайлауға «Nur Otan» партиясынан кандидатты ұсыну мәселесі талқыланды. Жиынға 12 бастауыш партия ұйымы атынан 54 делегат қатысты.

0F90A964-589E-4DD3-8A2D-D202644A40CA

Конференция барысында ең алдымен Ащысай бастауыш партия ұйымының төрағасы Досхан Шотпанов мандат комиссиясының хабарламасын баяндаса, Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Азамат Тағаниязов өз өтініштерін жазған үміткерлердің тізімімен таныстырды.

5C36745D-C281-42E3-85EA-C693AAE352D1

Нәтижесінде конференцияның күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Қарағаш ауылдық округ әкіміне Жумиев Мейірхан Манасұлының кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылды.

Аман Ізмүхан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале